Алматы облысының таулы аймағында жоғалған ресейлік туристер табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының таулы аймағында жоғалған ресейлік туристер табылды

12.05.2016
Алматы облысының таулы аймағында  жоғалған ресейлік туристер табылды
6-мамырда өздерін жайсыз сезінген 2 азаматша кері қайтады. Алайда белгіленген нүктеге жетпейді. Кезекші бөлімге таулы аймақта адамдар жоғалды деген ақпарат алдыңғы күні, кешкі ондар шамасында түскен.

50-ге жуық құтқарушы 7 техникамен және бір тікұшақпен саяхатшыларды кеше түс ауа тапты. Ресейлік азаматшалар 4 күн ашыққаны болмаса, аман,- дейді жедел іздестіру тобының өкілдері.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу