![ҚР Бас мүфтиі діни фанатизмнен аулақ болуға шақырды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/2/article_248.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Нұр Ғасыр» мешітінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Ақтөбе облысының имамдарымен кездесті. Кездесуге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысты.
Бас мүфти жиналғандарды туған ұлы ата-анасын кәпір деп олардан бас тартатын діни фанатизмнен аулақ болуға шақырды.
- Егер мұсылман өзгені қасақана өлтірсе, оның орны - мәңгілік тозақ болмақ. Біздің заманда әрекетін дінмен бүркелегісі келетін адамдар бар. Дегенмен олардың дінге деген еш қатысы жоқ. Дінде діни фанатизмнен сақтану керек. О дүниенің қамымен қатар, осы дүниенің жайын да ойлау керек, - деп атап өтті Ержан қажы Малғажыұлы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ҚР Бас мүфтиі діни фанатизмнен аулақ болуға шақырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/50451/)