![Қостанай тұрғыны әлеуметтік желі арқылы өзгеге жала жапқаны үшін сотталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
32 жастағы Қостанай тұрғыны «Одноклассники» әлеуметтік желісінде өзіне жала жапқан танысын жазаға тартылуына қол жеткізді.
Азаматша А. өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қаладағы атақты туристік агенттікте менеджер болып жұмыс істейтін азаматша Б-ны алаяқтық пен кезептікте кінәлаған, - деп хабарлады Қостанай облыстық соттың баспасөз қызметі. - Қала тұрғындарын Б-ға сенбеуге үгіттеген А. оның фотосуретін де желіге салған».
Сот отырысы барысында азаматша Б-ның алаяқтыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығының дәлелі табылмаған. Қостанай қалалық №2 сотының үкімімен азаматша А. ҚР ҚК-нің 130 бабы 2 бөлігі бойынша (жала жабу) айыпты деп танылып, оған бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Облыстық сотта қалалық соттың үкім өзгертілмей, сотталушының оны қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шағымы қанағаттандырылмады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай тұрғыны әлеуметтік желі арқылы өзгеге жала жапқаны үшін сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/50536/)