![Ауа райы: 20 маусымда еліміздің басым бөлігінде жауын жауады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1108.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
20 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап жауын жаууы ықтимал. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай болады.
Шығыс Қазақстан ,Қарағанды облыстарының кей аймағында жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі, Маңғыстау облысында қатты ыстық, кей жерлерінде аптап ыстық болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауа райы: 20 маусымда еліміздің басым бөлігінде жауын жауады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/50626/)