![Әсет Исекешев елордалықтар мен қала қонақтарын Астана күнімен құттықтады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/2/article_2347.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!
Сіздерді еңселі елордамыздың төл мерекесі – Астана күнімен құттықтаймын!
Астана күні - бүгінде барша Қазақстан халқы тойлайтын ортақ мереке. Елордамыз Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығына экономикасы қуатты, индустриялық-инновациялық әлеуеті нығайған қала ретінде жетіп отыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астана келбеті - ұлт келбеті» деген сөзі бар. Уақыт өткен сайын көркейген қаламыздан егемен еліміздің даму бейнесін көруге болады. Мұның бәрі - дұрыс ойластырылған жоспар мен қажырлы еңбектің, ұйымшылдық пен ішкі татулықтың нәтижесі.
Әрдайым атар таңымыз ашық, алатын асуымыз биік болғай!
Ізгі ниетпен,
Әсет Исекешев
Астана қаласының әкімі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әсет Исекешев елордалықтар мен қала қонақтарын Астана күнімен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/50762/)