![Маңғыстаудағы Тұщықұдық ауылының тұрғындары сапалы ауызсуға зәру](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_3857.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Маңғыстаудағы Тұщықұдық ауылының тұрғындары сапалы ауызсуға зәру. Халық тұтынып отырған «Астрахань-Маңғышлақ» құбырынан жететін су соңғы екі жылда сарғайып кеткен. Тіршілік нәрінің түсі өзгеруі түгіл, ішуге де жарамсыз болып қалуына тұрғындар түрлі себеп айтады.
Бұрын 14 шақырым қашықтағы Көңдіқұдық жерасты суынан тасып-ішіп отырған. Оны енді кен орны пайдаланады. Тұрғындардың тағы бір су тұтынған жері – іргедегі Қарақұдық болатын. Одан да тыйылды. Өйткені, ауылға 2006 жылдан бері «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры тартылған. Бірақ, бүгінде ауызсудың сапасы туралы айтудың өзі артық,-дейді көпшілік.
Нысаналы ЫҒЫЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстаудағы Тұщықұдық ауылының тұрғындары сапалы ауызсуға зәру&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/50837/)