![Ақмола облысында жыл басынан бері 37 селолық округ әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылған](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_3848.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақмола облысында жыл басынан бері 37 селолық округ әкімі және 36 әкімдік қызметкері түрлі заңбұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Көкшетауда өткен семинар-кеңесте айтылды.
Жиында жергілікті атқарушы биліктің жұмысын ширату мәселелері талқыланды. Оған барлық деңгейдегі әкімдер мен мәслихат хатшылары және жергілікті полиция қызметкерлері қатысты. Кеңесте әкімдерге бірнеше тапсырма жүктелді.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында жыл басынан бері 37 селолық округ әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/50840/)