![Мақтаарал ауданының шаруалары көршілерден келетін ағын суға тәуелділіктен біржола құтылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/9/article_9209.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданының шаруалары көршілерден келетін ағын суға тәуелділіктен біржолата құтылғандарына дән риза. Шардара қоймасынан машиналық сорғылар арқылы Мырзашөлге су жеткізетін «Тәуелсіздік» каналының құрылысы салынған болатын. Соның нәтижесінде мақталы өңірдің диқандары жылына 250-300 млн текше метр суды емін-еркін пайдаланып, мол өнім алуда.
Ғани ҚАЛМАХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мақтаарал ауданының шаруалары көршілерден келетін ағын суға тәуелділіктен біржола құтылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/51080/)