Қостанайда қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері учаскелік инпекторлармен бірлесіп, шартты жазаға тартылған азаматтарды тексерді. Мақсат – оларға сот орындары шығарған үкім бойынша заң талаптарының сақталуын қадағалау. Бұл үшін қызметкерлер айыпталушылардың мекенжайында болып, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Әлеуметтік жағдайларына қанығып, құқықтары мен міндеттері жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанайда шартты жазаға тартылғандар тексерілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/51684/)