Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының орталығы Смирнов ауылында ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарға баспана берілді. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы бұл үйлердің құрылысына 41 млн. теңге бөлініп, үш бөлмелі пәтерлер Жаңа жыл қарсаңында табысталып отыр. Жаңа 5 үйдің үшеуі жетім өскен жандарға тарту етілді.
Самат САПАРАЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=СҚО-дағы Смирнов ауылының тұрғындары мереке қарсаңында баспаналы болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/52574/)