Елорда тұрғындары мен қонақтарын Жаңа жыл түнінде тамаша сый күтіп тұр. Желтоқсанның 31-і күні кешкі 9-дан түнгі 3-ке дейін «Хан Шатыр» сауда үйінің жанында және ескі орталық алаңда мерекелік шаралар өтеді. Концертте еліміздің танымал әншілері мен өнер ұжымдары ән мен жыр тарту етеді. Ал, түнгі 12-де болатын отшашу мерекенің сәнін аша түспек.
Альбина ӘШІМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Жаңа жыл түні мерекелік концерт өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/52614/)