Бүгін таңертең қою тұманның салдарынан Алматы халықаралық әуежайында 11 рейс кестедегі уақытынан кешікті. Ал, Алматы - Шаржы бағытында ұшатын рейс белгіленген уақытқа сәйкес ұшып келмеді. Сондай-ақ, Алматы - Үржар бағыты біраз кідірді. Екеуіне де ауа райының қолайсыздығы себеп. Алайда, түстен кейін Шаржы - Алматы әуе рейсі Алматыға қонды. Әуежай мамандарының сөзінше, Жаңа жыл қарсаңында қызметкерлер штаттық режимде жұмыс істейді.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда әуе рейстері кестеден кешікті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/52635/)