Мәслихатта босаған депутаттардың орнына кандидаттарды ұсыну аяқталды. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев мәлімдеді. Бос депутаттық мандаттарға барлығы 201 үміткер ұсынылып, тек, 184-і тіркеуден өткен. Ал, бос орын небәрі – 58. Мәслихат депутаттығынан дәмелілердің дені – ер азаматтар, яғни 154 адам. Қалған 47-і - әйел.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бос орындар үшін мәслихатқа 201 кандидат ұсынылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54146/)