Астананың қоғамдық көлік жүйесінің қызметкерлері жаппай біліктіліктерін арттырады. Жыл соңына дейін 2 мыңға жуық адам арнайы оқу курстарынан өтпек. Өйткені, соңғы кездері жүргізушілер мен кондукторлардың этикасына қатысты дау көп. Бұдан былай көлік қызметіне қатаң қадағалау жасалмақ.
1-сәуірден бастап барлық автобус жүргізушілеріне ұялы телефон пайдалануға тыйым салынбақ. Бүгін «Нұр Отан» партиясында қалалық көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жиын өтіп, тараптар тақырыпқа қатысты түйткілді мәселелерді талқылады.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қоғамдық көлік қызметі жақсармақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54489/)