Еліміздің барлық аймақтарында «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған билет кассалары ашылды. Әр облыста бір касса. Ал, Астана мен Алматыда қосымша нүктелер бар. Осы аптада ЭКСПО билеттері темір жол билеттерімен бірге саудалана бастайды. Сондай-ақ, интернет арқылы да билеттерге қол жеткізуге болады.
Айта кетейік, көрмеге арналған билеттердің құны 4 пен 8 мың теңге аралығында. Ал, ең қымбаты 20 мың теңге тұрады. Ол билет бір жағынан кәдесый сияқты. Себебі, киізден жасалған. Саны да шектеулі. 10 дана ғана. Ол билеттің иесі көрмеге кез-келген уақытта кіре алады.
Азамат НҰҒЫМАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің барлық аймақтарында «ЭКСПО-2017» көрмесіне билет кассалары ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54544/)