Астанада Қарулы Күштердің құрылуының 25 жылдығына арналған ауқымды әскери шеру өтеді. Әскери шара 7 мамырға жоспарланған. Осы және өзге де жұмысты пысықтау мақсатында Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов көшпелі жұмыс кеңесін өткізді.
Парад барысында елордадағы Тәуелсіздік алаңында шамамен 5 000-нан аса әскери қызметші салтанатпен сап түзеп, адымдап өтеді. Бұдан бөлек, 300-ге тарта әскери техника мен 80 бірлік авиациялық техника және көптеген заманауи қару-жарақ үлгілерін тамашалауға мүмкіндік болады.
Азамат НҰҒЫМАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада 7 мамырда мерейтойлық ауқымды парад өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54548/)