Бітімгерлік бөлімшелер Қазақ армиясының элитасы саналады. Бірақ, жұрт олар жайлы көп біле бермейді.
Айтсақ, бүгін талай бітімгерлік операцияларға қатысып жүрген «Қазбат» жауынгерлері Алматы облысының Іле полигонында оқу-жаттығу өткізді. Себебі, аталған батальонның күшейтілген ротасы жақын арада бітімгерлік миссиясын орындауға аттанады.
Олар АҚШ пен Ұлыбритания мемлекеттерінің әскерилерімен бірлесіп, «Дала қыраны» - «Көктем-2017» жаттығуы кезінде қарсы жақтармен келіссөз жүргізу, жау мергендерінің көзін жою, көлік колонналарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, және бейбіт тұрғындарға жәрдем беру сияқты тәсілдерді жетілдірді.
Алмат ӘБДІРАМАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Десанттық шабуылаушы әскерлердің бітімгерлік бригадасы жаттығу өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54612/)