Екі күннен бері Самарқанд және Шерубай-Нұра қоймаларының деңгейін ортайту мақсатында суды ағызып жіберген болатын. Соның салдарынан бірнеше ауылдарда жағдай қиындады. Айталық, Бұқар жырау ауданына қарасты Садовое ауылындағы үйлердің аулаларын су басып, 300-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Ал, көршілес Чкалов ауылынан 137 адам эвакуацияланды. Сондай-ақ, екі жыл бұрын қызыл судан қатты зардап шеккен Ғабиден Мұстафин ауылына да қауіп төніп тұр. Мұнда жылжымалы штабтың отырысы өтіп, апаттың алдын алу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында тасқын су қауіп төндірген бірнеше елді мекен тұрғындары эвакуацияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54680/)