Қазақстанда қызмет көрсету сапасы артады. Бұл туралы Астанада Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінде өткен арнайы семинарда айтылды. Түркия үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі еліміздің әр түкпірінен келген 100 инженер-педагог маманды түрлі салада оқытады. Аспаз, кондитер, даяршы, қонақ үй қызметі бойынша түрік елінің өкілдері өз тәжірибелерімен бөліседі. Қазақстандық мамандарға арналған семинар екі аптаға созылады.
Бақытжан ОМАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда қызмет көрсету сапасы артады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54690/)