Атырауда салмағы 200 келі тартатын алып бекіре ауға түсті. Ұзындығы 2 метрден асатын аталық бекірені «Інжу-Маржан» серіктестігінің балықшылары ұстаған. Тағы 4 қызыл балық торға түскен. Бұл осыдан 5-6 жыл бұрын өңірдегі бекіре өсіретін зауыттың теңізге жіберген балықтары. Технологтар балықттарды жіті бақылауға алған, олар бекіренің ұрығын алып, айдынға қайта жібермек.
Айдос ҚАРАБАЛА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда салмағы 200 келі тартатын алып бекіре ауға түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54692/)