Астанада Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуының 25 жылдығына арналған ауқымды әскери шеру өтеді. Шара Отан қорғаушылар күні, яғни 7-мамырға жоспарланып отыр. Парадқа дайындық жұмыстары бір ай бұрын басталған. Қазір қатысушылар сапта түзіліп, жаттығу жасауда. Жалпы, елордадағы Тәуелсіздік алаңында өтетін әскери шеруге 5 мыңнан астам әскери қызметкер қатысады. Бұдан бөлек, 300-ге тарта әскери техника, 80 авиация күштері және көптеген заманауи қару-жарақ үлгілерін тамашалауға болады.
Азамат НҰҒЫМАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуының 25 жылдығына арналған ауқымды әскери шеру өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54742/)