Елордадан гуманитарлық көмек тиелген алғашқы екі жүк көлігі бүгін жолға шықты. Қарағанды облысы мен Атбасардағы тасқын судан жапа шеккен ағайынға 5 тоннаға жуық тұрмысқа қажет заттар жөнелтілді. Мәдениет және спорт министрлігі үйлестірген көліктер әлеуметтік көмекті діттеген жеріне тегін апарады. Айта кетейік, 3 күн ішінде елордадағы штабқа 300-ден астам адам көмек қолын созған.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысы мен Атабасардағы тасқын судан жапа шеккендерге тұрмыстық заттар жөнелтілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54752/)