Елордадан гуманитарлық көмек тиелген алғашқы екі жүк көлігі бүгін жолға шықты. Бірі Қарағанды облысындағы Бұқар жырау ауданын бетке алса, екіншісі Атбасардағы тасқын судан жапа шеккен ағайынға аттанды.
Жүктің салмағы – 5 тонна. Тұрмысқа қажетті бұйымдар мен азық-түлік көмекке зәру елдің қолына ертең тиеді. Ал, алматылық белсенділер екінші керуенді жасақтауға әзірлікті бастап кетті. Өзге өңірдегі қайырымдылық науқаны да қыза түскен.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордадан гуманитарлық көмек тиелген алғашқы екі жүк көлігі бүгін жолға шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54760/)