Бар ырысын жерден өндіріп отырған диқандар үшін қазір әр бір күн қымбат. Себебі, биыл қыс ұзаққа созылып, егін егу науқанына шаруалар 15-20 күнге кеш кірісті. Бір ғана Кербұлақ ауданы биыл 80 мың гектардан астам алқапқа дәнді-дақыл сеуіп, жылдағыдан мол өнім алуға үмітті. Оған өңірде жаңадан құрылып жатқан кооперативтер де өз үлесін қосуда.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында көктемгі дала жұмыстары қызу қарқын алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54762/)