Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы Үлбі өзені арнасынан асты. Өзеннің тасуына өткен демалыс күндері толассыз жауған жаңбыр әсер етпей қоймады. Тасқын су Жаңа Үлбі кентіндегі 4 үй мен 10 саяжайды шайып кеткен. 34 адам құтқарылды. Көпірге жетер жол жарамсыз болып қалғандықтан, құтқарушылар тұрғындарды жағаға қайықпен жеткізді. Қазір мамандар өзен жағасына топырақ төгіп, қауіпсіздік шараларын күшейтуде.
Жанболат САНИЯЗ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстан облысында тасқын судан 34 адам құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54783/)