«Ынтымақпен келген ұлы жеңіс». Бүгін Астанада осындай атаумен Қазақстан-Ресей жазушылары мен қоғам қайраткерлері арасында бейнекөпір өтті. Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылған шарада 2-і дүниежүзілік соғыстың келтірген зардабы, оның тарихтағы орны туралы айтылды. Сол қиын кезеңдегі халықтың бірлігі мен өр рухы, ерлігі мен қайсарлығы сөз болды. «Мәскеудің бейнекөпірді Астанамен бірлесе өткізуінде үлкен мән бар»,-дейді ұйымдастырушылар. Өйткені, қазақ жауынгерлері жеңіс туын желбіретуге үлкен үлес қосса, майданға жіберілген мыңдаған тонна өнім елімізден жеткізіліп отырды. Бұдан өзге, сол қиын-қыстау кездерде Қазақстан білім мен мәдениеттің ордасы бола білді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ