Қазақ-француз ынтымақтастығы беки түспек. Елордада дәстүрлі іскерлік кеңесте бас қосқан екі ел кәсіпкерлері болашаққа жоспарларын нақтылады. Франция - Қазақстанға инвестиция құятын мемлекеттер арасында үшінші орында. Екі мемлекет арасындағы сауда айналымы 1 миллион доллардан асып жығылады. Француз компаниялары еліміздің ауылшаруашылық, құрылыс, мұнай-газ өнеркәсібі салаларына басымдық беріп отыр. Болашақта қос тарап басқа да бағыттарды бағындыруды жөн санайды.
Альбина ӘШІМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада қазақ-француз іскерлік кеңесі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54819/)