Солтүстік Қазақстан облысына Астанадан гуманитарлық көмек жетті. Жүк көлігімен әкелінген 3 тоннаға жуық қажетті заттар Петропавл қаласының Былғары зауыты кентіндегі штабқа қойылды. Алдағы күндері азық-түлік, жылы киім мен төсек-орындар су тасқынынан зардап шеккен мұқтаж жандарға, ауыл-ауылға таратылатын болады.
Самат САПАРАЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Қазақстан облысына Астанадан гуманитарлық көмек жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54840/)