Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және «Ахыска» түрік мәдени орталығы тасқын судан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жөнелтпек. Он күн бойы арнайы орынға қала тұрғындары мен мекемелерден түрлі азық-түлік пен керек-жарақтар жинақталған еді. Қазір заттар сұрыпталып, арнайы қораптарға салынып жатыр. Қайырымдылық жүгі ертең таңертең солтүстікке жөнелтіледі. Бұл шара «Қайырымды ел» акциясы аясында ұйымдастырылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері СҚО-ға гуманитарлық көмек жөнелтпек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54865/)