Батыс Қазақстан облыстық Спорт басқармасының бұрынғы басшысы Тимур Шаяхметов 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол басқарма басшылығына өткен жылдың 16-тамызында тағайындалған еді. Жаңа қызметінде тек төрт ай ғана еңбек етіп, желтоқсан айында парамен ұсталды. Экс-шенеунік облыстық Спорт басқармасының бұрынғы бөлім басшысы Ақжан Ишанов арқылы спорт мектептерінің директорлары мен аға-бапкерлерден Астанаға жылдық есеп тапсыру үшін деп ақша жинаған. Кінәсі толық дәлелденген. Әрі 1,4 млн. теңге көлемінде азаматтық шағым өндірілген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батыс Қазақстан облыстық Спорт басқармасының бұрынғы басшысы Тимур Шаяхметов бас бостандығынан айырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54876/)