Елімізде осы аптаның сенбісінен бастап азаматтар қатарынан 4 күн демалады. Себебі, алда екі бірдей мереке - 7 және 9 мамыр.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні биыл жексенбіге түсіп тұр. Сондықтан, Мерекелер туралы Заңға сәйкес демалыс 8 мамырға, яғни, дүйсенбіге ауыстырылады. Ал, 9 мамыр Жеңіс күніне орай елімізде бұрыннан демалыс. Осының арқасында тұрғындар сенбі 6 мамырдан бастап 9 мамырды қоса алғанда, үзіліссіз 4 күн бойы демалады.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Осы аптаның сенбісінен бастап қазақстандықтар қатарынан 4 күн демалады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54907/)