Алматының 55/71 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 72 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.
Шараға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы, соғыс және тыл майдангерлері, әскери ардагерлер қатысты. Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін адал атқарып, үздік жетістіктерге қол жеткізген әскери қызметкерлер арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Алмат ӘБДІРАМАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық ұландықтар ардагерлерді құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54934/)