Бүгін Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтті. Шараны жергілікті өнерпаздар ұйымдастырған. Салтанатты концертке Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев те келді. Ал, ардагерлер - кештің құрметті қонағы.
Сахна төрінде патриоттық әндер әуелете шырқалып, сұрапыл соғыс туралы қойылымдар орындалды. Ерлердің ерлігі әспеттеліп, жастарға үлгі-өнеге көрсетілді.
Азамат НҰҒЫМАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Астанада Жеңіс күніне арналған концерт өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54942/)