Ақтауда аса ірі көлемде есірткі тәркіленді. Күдіктілер жүк көлігіне көкөніс тиеп, оның астына 400 келіге жуық марихуана мен 6 келі 800 грамм гашиш жасырған. Қолға түскен азаматтар өз кінәларын толық мойындап отыр. Күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталып кетті. Егер кінәлары дәлелденсе, 10-15 жыл аралығында бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
Нысаналы ЫҒЫЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда аса ірі көлемде есірткі тәркіленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54975/)