«Бала асырап алайық!» Павлодарда осындай атаумен арнайы акция басталды. Қуантарлығы - соңғы жылдары өңірде тастанды сәбилер саны едәуір азайып, былтыр 4 бірдей мекеме жабылған.
Жыл басында 44 бала әке-шешесі түзу жолға түскен соң отбасына кері қайтарылды. Ал, былтыр180-нен астам жеткіншек қорғаншылық қамқорлыққа, патронаттық тәрбиеге берілді. Осылайша, жәутең көздер азайып, бейкүнә балақайларға жан жылуын сыйлаған ізгі жандардың қатары көбейіп келеді.
Болат АМАНБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда «Бала асырап алайық!» атты арнайы акция басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/54983/)