Алматы облысының прокуратура органдарында ашық есік күндері ерекше қолға алынып отыр. Мұндағы басты мақсат - жастар арасында прокурорлық қызметтің артықшылықтарын жете түсіндіру. Заңды қадағалайтын сала маманының жұмысына мектеп түлектерінің қызығушылығын арттыру. Ашық есік күндерінде басты назарда - ауыл жастары. Мәселен, Көксу ауданының прокуратурасы Балпық би ауылының жоғары сынып оқушыларына саланың қиын да қызықты тұстарын түсіндіріп, негізгі міндеттерін әңгімеледі.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысының прокуратура органдарында ашық есік күндері өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55001/)