Қызылордада бір күнде көші-қон заңдылығын бұзған 450 шетелдік азамат анықталды. Соның негізінде 204 адам республика аумағынан шығарылды. Ал, 15 азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Көші-қон қызметі полицейлерінің айтуынша, қазір құрылысқа өзбектер арзан жұмысшы күші ретінде кеңінен пайдаланылады. Сондай-ақ, базарларда сауда-саттықпен айналысу үшін келетіндер де көп. Әсіресе, көктем-жаз мезгілдерінде мигрант мәселесі ушыға түседі. Сондықтан, тәртіп сақшылары қазір күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада бір күнде көші-қон заңдылығын бұзған 450 шетелдік азамат анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55085/)