Бүгін Астанада да ауа райы құбылмалы. Жаңбыр жауды, қатты жел тұрды. Тіпті, жергілікті төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға SMS арқылы ескерту жолдады. Онда есік-терезені қымтап, балконды да бақылау керектігі айтылған. Ал, ертең елордада күн бұлтты болады, бірақ жауын-шашынсыз. Ауа температурасы +21 градусқа жоғарылауы болжануда.
Сондай-ақ, синоптиктер алдағы күндері нөсерлі жаңбыр мен дауылды желдің күшейе түсетінін ескертеді. Еліміздің солтүстік, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа температурасы төмендейді. Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Мамандар бұл құбылыстарды белсенді суық атмосфералық фронттармен байланыстырып отыр.
Азамат НҰҒЫМАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Синоптиктер алдағы күндері нөсерлі жаңбыр мен дауылды желдің күшейе түсетінін ескертеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55168/)