Аймақтық Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің өкілдері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде 5 және 10 мың теңгелік жалған ақша жасайтын астыртын цех анықталды.
Іле ауданында қолға түскен күдіктілер ақшаны Еңбекшіқазақ ауданындағы цехта жасағандары белгілі болды. Оларды тінту кезінде 170 мың жалған теңге мен А-4 форматындағы арнайы қағазға басылған ақша купюралары табылған. Сондай-ақ, цехтың ішінен түрлі-түсті принтер мен өзге де құралдар тәркіленді. Күдіктілер жалған ақшаны дүкендер мен жеміс-жидек сатушыларына өткізіп келген. Сондықтан, тексеру шаралары әлі аяқталған жоқ.
Мирас МҰҚАШ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында жалған ақша жасағандар ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55221/)