Бүгін Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығы полигонында халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылуы болды. ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 600-ге жуық әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері бақ сынамақ. Одан бөлек, Ресей Федерациясы Орынбор президенттік училищесінің оқушылары да қатыстырылып отыр.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында «Айбын» әскери-патриоттық жиыны басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55234/)