Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайманова хабарлады. Мамырдың 13-де барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер арасында байқау жарияланды. Жас мөлшерде шектеу жоқ. Байқауға қатысушылардың ең үлкені 62 жаста, ең жасы 26-да.
Үміткерлер екі кезеңде сыналады: эссе жазады, сұхбаттан өтеді. Сыннан сүрінбеген жеңімпаздарды 23-ші маусым Мемлекеттік қызметшілер күні Елбасы қабылдап, арнайы төсбелгілерді тағады.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде алғаш рет «Ең үздік Мемлекеттік қызметкер» анықталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55307/)