Жарық жұлдыз балалармен бірге асыр салып ойнап, ән шырқап, бүлдіршіндердің көңілінен шықты. Мұнда тәрбиеленіп жатқан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды алдағы күндері өтетін жеке концертіне шақырды. «SOS» деп аталатын қайырымдылық қоры бала асырап алушы ата-аналар мектебін қалыптастырып, қамқорлықсыз қалған балаларды бақытты өмірге баулуға атсалысып келеді. «Димаштың мұнда келуін балалар асыға күтті», - дейді тәрбиешілер.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Димаш Құдайбергенов Астанадағы «Балалар ауылына» барды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55394/)