Астанада «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында «Рухани жаңғыру және жастар» атты Қазақ жастарының бірінші халықаралық форумы өтті. Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайы аясында ұйымдастырылған шараға 20-дан аса елден келген қазақ жастары қатысты. Жиын барысында мемлекетіміз бен қоғам тарапынан қандастарымызды қолдаудың маңыздылығы айтылып, Елбасының «Отандастар» қорын құруды тапсырғандығына айрықша мән берілді.
Азамат НҰҒЫМАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ жастарының І халықаралық форумы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55430/)