Журналистер қаламын кийге ауыстырды. Астанада Ақселеу Сейдімбек атындағы бильярдтан дәстүрлі турнир өтті. Жылда журналистер күні қарсаңында ұйымдастырылатын шараның деңгейі мен ауқымы артып келеді. Мәселен, биыл қатысушылардың қатары 50-ге жуық. Олар ақсақалдар мен жастар болып екі топқа бөлініп сынға түсті. Тас-таяқтағы тартыс кәсіби спортшылардан кем түспеді. Журналистер жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетіп, мерекені әсерлі атап өтті.
Азамат НҰҒЫМАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Ақселеу Сейдімбек атындағы бильярдтан дәстүрлі турнир өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55436/)