Бүгін түнгі сағат 00:00-ден бастап ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлердің сайлау алдындағы үгіт жұмыстары ресми түрде тоқтайды. Орталық сайлау комиссиясының отырысында төраға Берік Имашев осылай деді. Ертең - тыныштық күні. Қазіргі таңда, үміткерлердің толық тізімі айқындалды. Сайлауға ұзын саны 38 үміткер қатыспақ. Оларды аудандық, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары сайлайды. Сәрсенбі күні таңғы сағат 9-дан бастап сайлау басталады. Биылғы сайлаудың бір ерекшелігі дауыс беру толықтай электронды түрде өтеді.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт жұмыстары тоқтатылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55440/)