Осыдан тура бір жыл бұрын Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Байсерке елді мекенінің тұрғындары хабарласып, «ауылда ауызсу, жарық және жол жоқ» деп шағымданған еді. Халық 6 жыл бойы батпаққа батып, ескірген электр бағаналарын пайдаланып отырғандарын айтып мұңдарын шаққан. Ал, қазір жаңа тас жол төселген, электр бағаналары қайтадан орнатылып, су құбыры тартылған.
Мирас МҰҚАШ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық арна араласқан соң тағы бір мәселе оң шешімін тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55475/)