Дәл қазір дауыс берушілерді тіркеу рәсімі жүріп жатыр. Сағат 10:00-де жергілікті мәслихаттардың жиналысы өтеді. Жалпы, Алматы облысы бойынша 333 мәслихат депутаты дауыс береді. Облыстық сайлау комиссиясы өз миссиясын атқаруға 100 пайыз дайын. Бұл жолғы Сенат сайлауына Алматы облысы бойынша 6 кандидат ұсынылып, олардың тек екеуі ғана тіркелді. Олар өздеріне белгіленген уақытта өңірді аралап, сайлаушылармен кездесті. Бағдарламаларын таныстырды.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Талдықорған қаласында да Сенаты депутаттарының сайлауы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55479/)