Сенат депутаттарын сайлаушылардың келуі 98,3 пайыз болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлімдеді. «Қазақстанның барлық аймақтарында Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де сайлаушыларды тіркеу аяқталды. Барлық аймақтарда қажетті кворум бар. Сайлау туралы Конституциялық заңның 77-ші бабының 2-ші тармағына сәйкес, егер сайлайтын депутаттардың 50 пайыздан астамы қатысқан жағдайда сайлаушылардың жиналысы құқықты болады. Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық 16 өңірінде сайлаушылардың жиналысы басталды», - деді Марат Сәрсембаев.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Марат Сәрсембаев: Сенат депутаттарын сайлаушылардың келуі 98,3 пайыз болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55491/)