Павлодардағы «Қазақстан Алюминийі» АҚ-ы мемлекетке 230 млн теңге көлемінде айыппұл төледі. Себебі, зауыт Энергетика министрлігімен құны 4 миллиард 300 миллион теңге болатын инвестициялық міндеттемелерді орындауға келісім жасасқан. Сөйтіп 2015 жылы құжатқа қол қояды. Бірақ, жоспарланған жұмысты толық атқармайды.
Нақтырақ айтқанда, 2 млрд. 300 миллион теңге көлемінде инвестиция салынбаған. Заңға сәйкес бұл қаржының 10 пайызы айыппұл ретінде мемлекет есебіне өндірілуі тиіс. Сот соған сәйкес шешім шығарды.
Болат АМАНБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодардағы «Қазақстан Алюминийі» АҚ 230 000 000 теңге айыппұл төледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55505/)