«Жібек жолы» альянсы бұл - ғылым мен білімнің альянсы. Тұңғыш рет елімізде өткен шараның алғы сөзінде Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет ректоры Ақылбек Күрішбаев осылай деді. Мәжіліске «Жібек жолы» бойын жайлаған 40-тан астам елдің ғалымдары қатысып отыр. Мақсат - бір белдеу бойындағы елдер арасындағы байланысты бекемдеу. Оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы серіктестікті жетілдіру.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада «Жібек жолы» альянсының ІІ мәжілісі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55564/)